Қазақстан Республикасының
Ұлттық баскетбол федерациясы

Спорттық үміт: Алматыда баскетбол чемпионаты аяқталды

25.06.2024    Оқылғаны: 478
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Алматы, 2024 жылдың 22 маусымы – Алматыда Halyk және Қазақстан баскетбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған "Халық лигасы" жобасының қорытынды кезеңі болған "Үміт кубогы 2024" баскетбол турнирі аяқталды.

Чемпионатта Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар үйлері мен интернат мектептерінің 280-ден астам тәрбиеленушісі баскетболдағы спорттық дағдыларын және күрес рухын көрсетті. Биыл турнирге еліміздің 16 өңірінен, атап айтқанда Атырау, Талдықорған, ШҚО, Түркістан облысы, Петропавл, Павлодар, Семей, Ақкөл, Екібастұз, Қарағанды, Алматы, Рудный, Қызылорда, Шымкент, Орал және Тараз қалаларынан келген 8 қыздар және 16 ұлдар командасы қатысты.

Жабылу рәсіміне Halyk басқарма төрағасының орынбасары және жобалар кураторы Ольга Вурос және Қазақстан баскетбол федерациясының бас хатшысы Алмаз Ұзақов қатысты. Алмаз Ұзақов өз сөзінде атап өтті:

«"Халық лигасы" жобасы және "Үміт кубогы 2024" турнирі еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшыларға өздерін танытуға және таланттарын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды бастамалар. Біз оларды осы жолда қолдай алатынымызға мақтанамыз, жастарға өсу мен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Бұл турнир қоғамның қолдауының маңыздылығын және біздің жас спортшыларымызға биікке жетуге қалай көмектесетінін көрсетті».

Ольга Вурос та осы пікірмен келісті:
«Бүгін біз "Үміт кубогы 2024" чемпионатының және "Халық лигасы" жобасының аяқталуын атап өту үшін жиналып отырмыз. Бұл біздің жас спортшыларымыз үшін маңызды кезең болды және мен оларға қажырлы еңбектері, баскетболға деген құштарлықтары және күрес рухы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Halyk мұндай жобаларды қолдайтынына мақтан тұтады. Біз спортты тек дене белсенділігі ғана емес, сонымен қатар тәртіптің, ерік күшінің және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншіліктің көрсеткіші деп білеміз. Чемпионатқа қатысушылар өткен маусымға риза болып, спортпен айналысуды жалғастырады деп үміттенеміз. Әрқайсысы – болашақ чемпион және біз оларды осы жолда қолдауға дайынбыз».

Турнир жас спортшылар үшін нағыз шабыт болды, олар спортқа деген құштарлық пен қоғамның қолдауы болған жағдайда кез келген жағдаятта керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетті.

Ұлдар турнирінің финалында Шымкент командасы Петропавл командасынан басым түсіп, бірінші орын алды. Екінші орын Петропавлға, ал үшінші орын Ақкөлге бұйырды. Қыздар арасында жеңімпаздар:  Шымкент (1-орын), Ақкөл (2-орын) және Рудный (3-орын) командалары болды.

Шымкент командасының жаттықтырушысы Данил Серединский өз эмоцияларымен бөлісті:
«Мен мұнда болу үшін көп жұмыс істеп, дайындалған балаларыммен мақтанамын. Ұлдар да, қыздар да "Үміт кубогы 2024" чемпионатында бірінші орын алды. Бұл жалпы жеңіс деп санаймын. Біз барлығымыз ортақ мақсатты көздейміз – балаларды бақытты ету және оларға болашақ беру. Балалар үйлері мен интернат мектептердің тәрбиеленушілерін осыншама жылдар бойы қолдап келе жатқан Halyk Bank-ке үлкен рахмет. Мұндай көмек арқылы балалар үлкен өмірге қадам басып, армандаған тұлғаларына айналуға мүмкіндік алады».

Марапаттау рәсіміне чемпионатқа қатысқан барлық 24 команда қатысты. Ойыншылар Halyk және Champ1on спорт кешенінің естелік медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Сыйлықтарды Halyk басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос, Қазақстан баскетбол федерациясының бас хатшысы Алмаз Ұзақов, Қазақстан баскетбол құрамасының мүшесі Роман Марчук және Champ1on спорт кешенінің өкілі, данкер Руслан Лигай табыстады.

Ұлдар мен қыздар арасындағы  20 үздік ойыншы жетістіктері үшін атап өтіліп, ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар мен медальдар алды.
2005 жылы бастау алған "Халық лигасы" жобасын 17 жыл бойы Halyk Bank қолдап келеді, ол барлық шығындарды, соның ішінде киім-кешек, жаттығу, көлік, тұру, тамақтану және сыйлықтарды өз мойнына алады. Осы уақыт ішінде жоба арқылы балалар үйлері мен интернат мектептерінің 3500-ден астам балалары өтті, олардың көпшілігі спорттық мансабын жалғастырып, Қазақстан баскетбол клубтарында жаттықтырушылар мен ойыншылар болды. 50-ден астам түлек спорт шеберіне үміткер атағын алды, ал үшеуі – спорт шебері атағын алды.
 

Біздің сайттағы жаңалықтарды оқып, қазақстандық баскетболға қатысты барлық шаралар туралы хабардар болыңыздар. Instagram, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілері мен YouTube арнамызға жазылыңыздар.


Подписывайтесь на нашу рассылку!