Қазақстан Республикасының
Ұлттық баскетбол федерациясы

“Тұран” - “Astana Tigers KazATU” сериясында есеп 1-1

28.04.2024    Оқылғаны: 350
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Баспасөз хатшысы
Алғашқы онминуттықты «Тұран» сәтті бастап 18:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде “Тұран” есеп айырмашылығын 8 ұпайға дейін ұлғайтты. Есеп 34:26

Үшінші ширекте тартысты ойын жалғасып, “Тұран” 49:41 есебімен өз пайдасына жазды. Соңғы шешуші кезеңде “Astana Tigers KazATU” қарқынды шабуыл жасағанымен, жеңіс 67:53 (18:14; 16:12; 15:15; 18:12) есебімен “Тұран” командасына жазылды.

Үздік ойыншылар:

“Astana Tigers KazATU” - Тамара Кузьмина: ұпай - 15, доп қақшу - 8, нәтижелі пас - 2, тиімділік - 22

“Тұран” - Инга Манучарян: ұпай - 23, доп қақшу - 6, нәтижелі пас - 4, тиімділік - 27

Біздің сайттағы жаңалықтарды оқып, қазақстандық баскетболға қатысты барлық шаралар туралы хабардар болыңыздар. Instagram, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілері мен YouTube арнамызға жазылыңыздар.


Подписывайтесь на нашу рассылку!