Қазақстан Республикасының
Ұлттық баскетбол федерациясы

«Ақтөбе» «Томиристен» басым түсті

28.04.2024    Оқылғаны: 363
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Баспасөз хатшысы
«Ақтөбе» пен «Томирис» әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың жартылай финалдық сериясы аясында екінші рет кездесті.

Бірінші кезеңде қос команда арасындағы ойын тартысты өтіп, “Ақтөбе” 3 ұпай айырмашылығымен алға шықты, есеп - 18:15. “Ақтөбе” екінші онминуттықта қарқынды шабуылдарын жалғастырып, таблода “Ақтөбенің”  пайдасына 42:30 есебі тіркелді.

Он бес минуттық демалыстан кейін алаңда тартысты күрес жалғасын тауып, 58:44 есебі “Ақтөбе” еншісіне жазылды. Ойынның соңғы кезеңінде “Томирис” қарқынды шабуылдар жасағанымен, қорытынды есеп 69:60 (18:15; 24:15; 16:14; 11:16) “Ақтөбе” пайдасына шешілді

Үздік ойыншылар:

“Ақтөбе” - Эмили Лайтл: ұпай - 21, доп қақшу - 5, нәтижелі пас - 3, тиімділік - 25

“Томирис” - Аделя Мустафина: ұпай - 20, доп қақшу - 5, нәтижелі пас - 1, тиімділік - 25

Бұл кездесуден кейін “Ақтөбе” жартылай финалдық кездесулер аясында 2:0 есебімен алда келе жатыр.

Біздің сайттағы жаңалықтарды оқып, қазақстандық баскетболға қатысты барлық шаралар туралы хабардар болыңыздар. Instagram, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілері мен YouTube арнамызға жазылыңыздар.


Подписывайтесь на нашу рассылку!